Пятница, 29 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғам190 мектеп оқушысы жол саласымен танысты

190 мектеп оқушысы жол саласымен танысты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы Ақмола облыстық филиалы «2000 мектеп» акциясы аясында өңірде қызу жұмыс жүргізуде. Филиал мамандары жыл басынан бері 190-нан астам мектеп оқушыларымен кездесті. Жүзден астам оқушы жолшылардың жұмыс орнына экскурсияға келіп, олардың жұмысымен егжей-тегжейлі танысты. Қалай болғанда да, жол құрылысшысы мамандығы танымал бола бастады және көптеген адамдар оның қажеттілігін түсінеді, дейді сарапшылар.

Акцияның міндеті автожолдар саласында кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында білім беру мекемелерінде жол мамандықтары бойынша кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу. Филиал мамандары оффлайн және онлайн форматта өңірдің көптеген мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Филиал инженерлері Абылай Төлеуов Көкшетау қаласының бірқатар мектептерінде кәсіби бағдар беру іс-шараларын өткізді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында ол автожолшы мамандығы, оның артықшылықтары мен перспективалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Мектеп оқушыларына жол саласы қызметкерлерінің қызметінің ерекшеліктері мен күнделікті тыныс-тіршілігін сиппатап берді.

«Мемлекет басшысы еліміздің жол-құрылыс саласы мамандарының алдына сапалы инфрақұрылымдық даму мақсатында ауқымды міндеттер қойды. Сондықтан жол саласы білікті, даярланған кадрларға мұқтаж. Бүгін біз автожолшы мамандығын таңдай алатын талапкерлерге үлкен үміт артамыз. Біздің саланы жаңа кадрлармен толықтыру үшін барлық жағдай жасалған. Бұл жоғары және орта арнаулы оқу орындарын таңдау мүмкіндігі, мамандықтардың кең спектрі, мыңдаған білім беру гранттары, стипендиялармен қамтамасыз ету. Болашақта түлектер біздің салада тез жұмысқа орналасады, оларға лайықты жалақы мен қажетті еңбек жағдайлары қамтамасыз етіледі», — деді Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы Ақмола облыстық филиалының жол инженері Абылай Төлеуов.

Сондай-ақ, мектеп оқушыларына жол саласында жұмыс істеу үшін қандай оқу орындарында оқуға болатындығы, қандай пәндер бойынша емтихан тапсыру қажет екендігі, осы салаға бөлінетін гранттар саны, стипендиялар мөлшері туралы бейнероликтер көрсетілді. Мектеп оқушылары үлкен қызығушылық танытып, жоғары оқу орындары мен колледждерде оқу процесі, жұмыс қиындықтары, жалақы туралы сұрақтар қойды. Соңында жолшылар болашақ талапкерлерді дұрыс таңдау жасап, автожолдар саласында еліміздің дамуы үшін еңбек етуге шақырды.

«Әрине, көптеген жастар үшін жолшы болу беделді емес болып көрінуі мүмкін. Бірақ шындықты ескеру керек, технологиялар дамып, қолайлы еңбек жағдайлары жасалуда, жалақы өседі, жұмысқа орналасудың кең таңдауы, жаңа кадрларда сұранысқа ие еңбек нарығы бар. Статистика көрсеткендей, жоғары оқу орындары мен колледждердің жол мамандықтары бойынша түлектері басқаларға қарағанда тезірек жұмыс табады. Білікті мамандар өзіне лайықты орынды тез табады Сондықтан біздің өңірдегі жолшылар командасы Президенттің техникалық кадрларды даярлау туралы бастамасын толық қолдайды», — деді Жол активтері Ұлттық сапа Орталығы өңірлік филиалының зертхана меңгерушісі Александр Волков.

Кәсіби бағдарлау жұмыстары әрі қарай жыл соңына жалғаспақ. Осы жылы жолшылар Ақмола облысының барлық 17 ауданы мен 3 қаласында оқу орындарында «2000 мектеп» аясында іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар оқушыларға филиал қабырғасында арнайы «ашық есік» күндерін мен экскурсияларды ұйымдастыруға ниетті.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...