Сенбі, Шілде 27, 2024
19.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
ЖаңалықтарҚазақстан200 ауылды дамытуға 55 млрд теңге бөлінеді

200 ауылды дамытуға 55 млрд теңге бөлінеді

200 ауылды дамытуға 55 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Сенатта Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Толықтай алғанда, бюджетті нақтылау аясында шығыстарды келесі бағыттар бойынша жалпы сомасын 2,2 трлн теңгеге дейін ұлғайту көзделген. Президент тапсырмаларын жүзеге асыруға 2 трлн теңге қарастырылған», – деді вице-министр 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы таныстыра келе.

Оның атап өтуінше, өңірлерді нығайту және инфрақұрылымдардың дамытуға 240 млрд теңге жұмсалады. Оның 109 млрд теңгесі қалалар мен ауылдарды ауыз сумен қамтуға бағытталады.

«Қосымша шығыстар 2023 жылы қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті 99 пайызға, ал ауылдық елді мекендерде 96,5 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасын одан ары жүзеге асыру үшін заң жобасында 55 млрд теңге көзделген. Бұл шығыстар 200 ауылдық елді мекенді жаңғыртуға жұмсалады», – деді ол.

Вице-министрдің дерегінше, заң жобасында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 24 млрд теңге көзделген. Бұл қаражатқа шағын қабатты 550 тұрғын кешеніне және жеке тұрғын үйге арналған шамамен 15 мың жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар ірі қалалардың шағын және моноқалалардың аумақтарын дамытуға 27 млрд теңге қарастырылған.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...