24 Желтоқсанда онлайн форматта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жаңа жылдық шырша өтті.
Тик-ток «Жарқыра, жайна Жаңа жыл-Тәуелсіз қазақ елінде!» жаңажылдық қойылымына 9-13 жас аралығындағы 200 ақмолалық балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар қатысты.
Балаларға көрсетілген театрландырылған қойылым аяқталғаннан кейін ертегі кейіпкерлері Аяз ата, Ақшақар, Фьектер ZOOM платформасы арқылы ойындар мен викториналар өткізді. Жаңажылдық мерекенің кішкентай қонақтарына ақшалай сертификаттар, «Самұрық – құстың сиқырлы қаламы» көркем кітаптары, тәтті сыйлықтар табысталды.