Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарЭкономика2020 жылдың жер және мүлік салықтарын қалай төлейміз

2020 жылдың жер және мүлік салықтарын қалай төлейміз

Сондай-ақ, оқыңыз...

Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың меншік құқығына тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салықтар жеке тұлғалардың мүлкіне бірыңғай салыққа біріктірілді.

Осыған байланысты салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленеді. 2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады.

Мүлік салығының сомасын оны төлеу мерзімі басталғанға дейін дайын деректемелер бойынша бір мезгілде төлем жүргізу мүмкіндігімен «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi.kz және Homebank банктерінің мобильді қосымшаларында kgd.gov.kz «Алдағы төлемдер» сервисінен білуге болады.

Бұдан басқа, салық салу объектілері бойынша ақпаратты «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» бөлімінде көруге немесе осындай объектілердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуге болады.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...