Пятница, 14 февраля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауЖетімдер үйін жойып, ана мен бала денсаулығын бақылауға аламыз!

Жетімдер үйін жойып, ана мен бала денсаулығын бақылауға аламыз!

Сондай-ақ, оқыңыз...

Өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында «Nur Otan»  партиясы Көкшетау аумақтық филиалында қалалық мәслихат депутаттығынан үміткер кандидаттар Zoom платформасы арқылы халықпен жүздесті. Көпбалалы аналар, жетім балаларды қамқорлығына алғандар өз сауалдарын жолдап, нақты әрі тұшымды жауап алды.

Көкшетау қалалық мәслихатына кандидат «Аналар үйі» дағдарыс орталығының үйлестірушісі Құралай Жұмабекова өз балаларымен қоса тағы бес жетімекті бауырына басып отыр. Сайлауалды бағдарламасы да елімізде балалар үйін жойып, әр жетімекті отбасылардың асырап алуына мүдделі. Өзі жетекшілік етіп отырған орталықтағы әйелдердің тең жартысы жетім балалар үйінен шыққандар. Олардың барар жері, басар тауы қалмаған. Шарасыздықтан «Аналар үйін» паналап отыр. Бірақ ол үйде жарты жылдан артық тұруға болмайды. Жалғызбасты аналардың ары қарайғы тағдыры ешкімді алаңдатпайды.

Сол сияқты жетім балалар да 18 жасқа дейін мемлекет қарауында болып, одан кейін өз күнін өзі көруге мәжбүр. Осы және тағы да басқа түйткілді мәселелерді кандидат күні ертеңдері депутат бола қалса, жоғарғы жаққа жеткізіп, заңға өзгеріс мен толықтырулар енгізуге жұмыс істемек. Құралай Жұмабековаға сауалдарын жолдаған көпбалалы және жетімектерді бауырына басқан аналардың да көтерген мәселесі осы болды. Көкшетау қалалық емхананың бас дәрігері, қалалық мәслихат депутаттығынан үміткер Ғалия Сабатаева да халық денсаулығына алаңдайды. Ол жетекшілік ететін мекемеге емделуге келетіндердің бәрінің бірдей жағдайы мәз емес.

Тұрмысы ауыр, әлеуметтік жағдайы төмен отбастары өте көп. Олардың мәселесін назарға алу керек. Сонда ғана денсаулықтары дұрыс болады. Ал, халықты қабылдайтын учаскелік дәрігерлердің жетіспеушілігі — өзекті. Жылдың соңына дейін тағы 6 учаскелік дәрігер жұмысынан кеткелі отыр. Бұл дегеніміз 12 мың адамның маман кеңесінен қалыс қалу қаупін төндіруде. Жалпы бюджеттен бөлінетін қаржының көп бөлігі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартатын жәрдемақыларға жұмсалғаны жөн.

Дәл осындай ойды «Ақай» сән үйінің директоры Ғалия Алдабергенова да айтты. Ол мемлекеттік бағдарламалар бизнес бастағысы келетін аналарға бағытталуы тиіс дейді. Әсіресе, көпбалалы аналарға қолдау аса қажет.  «Nur Otan»  партиясы Көкшетау аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Олжабаева алдағы сайлау көп мәселені шешетін дода деді. Сондықтан бағдарламасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған осы саяси партияға дауыс беру керек. Бүгінгі күні «Nyr Otan»  партиясының атқарып отырған жұмысы ауқымды.

Елде болып жатқан жаңалықтар, өзгерістер, табыстар мен жеңістердің бәрі осы саяси ұйымның бастамасымен жүзеге асып, мемлекеттік бағдарламардың дұрыс орындалуы осы саяси ұйымның бақылауында. Елімізге жайылған індет кезінде нұротандықтар жалғызбасты қарияларды, тұрмысы төмен отбастарын, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға қол ұшын созып, азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен уақытында қамтамасыз етіп тұрды. Бұл жұмыстарға жастар мен еріктілер бір кісідей жұмылды. Сондықтан бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымшылдықпен халық үшін жұмыс істеп жатқан парияға дауыс беріңіздер деді кандидаттар.

Мақала ақысы «Nur  Otan»  партиясы Көкшетау қалалық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...