Пятница, 14 февраля, 2025
ЖаңалықтарМаңызды5 қыркүйектен бастап некені тіркеуге электронды төлқұжат жарамды болады

5 қыркүйектен бастап некені тіркеуге электронды төлқұжат жарамды болады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жою қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжат бойынша, енді азаматтық хал актілерін тіркеу қызметін алу үшін азаматтар жеке жеке басын куәландыратын құжаттың электронды нұсқасын ұсына алады. Атап айтсақ, некені тіркеу, неке жасын төмендету, некені бұзу, 16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы қайталама куәліктерді беру, тууды тіркеу, аты-жөнін өзгертуді тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру және жою, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды беру рәсімдері электронды жеке куәлік арқылы да іске асырылады.

«Некеге тұруға ниет білдірген адамдар неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеудің белгіленген күні жеке басты куәландыратын құжатпен немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен тіркеуші органға келуі қажет. Егер некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер дәлелді себептермен белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімі олардың өтініші бойынша басқа уақытқа ауыстырылады. Белгіленген күні некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыратын адамдар не олардың біреуі дәлелсіз себептермен келмеген және некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін ұзарта отырып, өтініш туралы арыз болмаған жағдайда өтініш жойылуға тиіс», — делінген бұйрықта.

Некені бұзғысы келетін ерлі-зайыптылар тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжатпен немесе белгіленген күні цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатпен келуі керек.

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғысы келетін ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін белгіленген күні жеке басын куәландыратын құжатпен немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен тіркеуші органға келуі қажет. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша лауазымды тұлға деректерді Азаматтық хал актлерін жазудың ақпараттық жүйесіне өтініш берілген күннен бастап 1 (бір) ай өткеннен кейін ерлі-зайыптылардың екеуінің қатысуымен енгізеді», — деп жазылған құжат мәтінінде.

Бұйрық 2021 жылғы 5 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...