Вторник, 26 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғам«Парасат жолы» орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмелері өтті

«Парасат жолы» орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмелері өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ағымдағы жылдың ақпан айында таныстырылған «Парасат жолы» («Дорога добропорядочности») жобасы аясында Ақмола облысының Степногорск қаласы, Астрахан, Ақкөл, Бұланды мен Біржан сал аудандарының кітапханаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Көрмелердің мақсаты халықтың сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасын тәрбиелеу, азаматтық қоғамды адалдық және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға тарту болып табылады.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік туралы, сондай-ақ қоғамдағы заңға бағынатын өмірдің қажеттілігі туралы және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру туралы кітаптар, мерзімді басылымдар, брошюралар ұсынылды.

Көрмелерге қатысқан келушілер осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, облыс кітапханаларының базасындағы «Парасат жолы» орталықтарында мәдениет саласының өкілдері арасында «Азаматтық қоғам — сыбайлас жемқорлыққа қарсы» құқықтық мәдениет сағаттары өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған жоба, оның шеңберінде кітапханалар базасында жүйелі негізде кітапхана қызметкерлерін, қоғам қайраткерлерін, жазушыларды, ақындарды, ғалымдарды, дін өкілдері мен басқа да танымал тұлғаларды тарта отырып, түрлі ақпараттық-түсіндіру, әлеуметтік-тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...