Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Ақмола облысының Бурабай, Жақсы, Шортанды аудандары мен Көкшетау қаласында өңірлердің діни және этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша семинарлар өтті.
Кездесулерде қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттары түсіндірілді.
Іс-шара барысында парасаттылық идеологиясын, жалпы адамгершілік мұраттарын, патриотизм мен азаматтардың бірлігін қалыптастыру шеңберінде түрлі діни ұйымдар мен этностар өкілдерінің өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Кеңестерде атап өтілгендей, Қазақстан көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет бола отырып, діндер мен ұлттардың жаһандық диалог алаңы болып табылады, онда өзара қарым-қатынастар түсіністік пен келісімге, сенім мен құрметке негізделеді. Сондықтан мемлекетпен де, азаматтық қоғаммен де осы салаға үнемі назар аудару маңызды.
Кездесуге қатысушылар сындарлы пікірталас барысында пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және адалдық пен парасаттылық құндылықтарын сіңіруге бағытталған түсіндіру іс-шараларын өткізуге дайын екендіктерін білдірді.