Вторник, 26 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы қалай жүзеге асырылуда

Ақмола облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы қалай жүзеге асырылуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру үшін елімізде «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы іске асырылуда. Оның негізгі міндеттері-ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту, оларды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне келтіру. Ақмола облысында жобаны тиімді ілгерілету мақсатында 2025 жылға дейінгі жеке жоспар-кестесі әзірленді. Бұл құжат әртүрлі жобалар іске асырылатын ауылдық елді мекендер бойынша мәліметтерді қамтиды.

Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының дерегі бойынша, 2019-2020 жылдары өңірде 72 жоба іске асырылды, бұл 15 ауылдың 80 мыңға жуық тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Бағдарлама шеңберінде жалпы ұзындығы 120 шақырым кентішілік жолдар жөнделді, Зеренді және Бұланды аудандарының Викторовка ауылдарының екі мыңнан астам тұрғындары сапалы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді, Астраханка ауылында инженерлік желілері бар қазандық, Аршалы кентінде 88 адам қабылдайтын бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, жылумен жабдықтау желілеріне, көшені жарықтандыруға және басқа да көптеген объектілерге жөндеу жүргізілді. 844 уақытша жұмыс орны құрылды, оның 48-і тұрақты жұмыс орны.

«Биыл ел Тәуелсіздігінің мерейтойлық жылында 27 ауылда 77 жобаны іске асыруға бюджет қаражаты бөлінді. Өткен жылдармен салыстырғанда бөлінген қаражат көлемі ұлғайды, қаржыландырылатын жобалар мен ауылдық елді мекендердің саны өсті. Бүгінгі таңда 14 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Бұл Краснояр ауылын жылумен жабдықтаудың сыртқы желілерін салу, Мәдениет, Егіндікөл ауылдарындағы жолдарды орташа жөндеу, Жақсы, Лозовое ауылдарындағы мәдениет үйін күрделі жөндеу және жолдарды орташа жөндеу, Новоселовка ауылындағы көше-жол желілерін орташа жөндеу», — деді ведомстводан.

Атбасар ауданының Бастау ауылында жастардың бос уақытын өткізу орталығының, Жақсы және Ақмол ауылдарында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Бурабай ауданының Мәдениет ауылында спорт кешенінің құрылысы, Сандықтау ауданының Балкашино ауылындағы стадионды және басқа да нысандарды қайта жаңарту жүргізілуде. Өткізіліп жатқан іс-шаралар ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа серпін беріп, жалпы ел экономикасына оң әсерін тигізеді.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...