Пятница, 18 октября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіОблыстық форумда 90-нан астам ақмолалық оқушы өздерінің экологиялық жобаларын таныстырды

Облыстық форумда 90-нан астам ақмолалық оқушы өздерінің экологиялық жобаларын таныстырды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Табиғат бесігі» кіші жобасын іске асыру шеңберінде 2021 жылдың 11-13 қазан күндері облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы ZOOM платформасында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілернің облыстық форумын өткізді.

Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
Форумға Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Астрахан, Біржан сал, Бурабай, Зеренді, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 93 бала қатысты.

Қазылар алқасы ретінде Зеренді ауданы Шағалалы а. жоғары агротехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Нарбаева Райхан Темірбекқызы, Бурабай ауданы Қатаркөл а. ауылшаруашылық колледжінің арнайы пән оқытушысы Иманкулова Алмагүл Төлегенқызы, Бурабай ауданы Щучинск қ. жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің арнайы пән оқытушысы Сеитова Анар Қаратайқызы шақырылды.

Қатысушылар облыстық Форумның 6 номинациясы бойынша өз жұмыстарын қорғап шықты.

1. «Туған өлке тарихы» — өз өлкесінің көрікті жерлері, табиғаты және қорық аумақтары, табиғат ескерткіштері, табиғат нысандары мен аумақтары туралы виртуалды сапарларымен 3-D форматта таныстырды.

2. «Жасыл экономика» номинациясы: жоба-зерттеу байқауы келесі бағыттар бойынша қорғады:
экологияны және қоршаған ортаны жақсарту, жасыл экономика, «жасыл» технологияларды қолдану;
инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы:

3. «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы — денсаулық сақтау саласында тәжірибелік қызметті, адам денсаулығын сақтауға бағытталған экологиялық акциялар мен табиғатты қорғау іс-шараларын, адам денсаулығына қоршаған ортаның әсерін қамтитын жобалар байқауы:

4. «Жасыл оазистер» номинациясы – экодизайнерлер байқауы, еркін стилде флористика ережесіне сәйкес табиғи өсімдік материалдан жасалады:

5. «Экоболашақ» номинациясы – көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжай, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер, мектеп орман шаруашылығы, бойынша бейнероликтер презентациясы:

6. «Жеңіс мамыры» номинациясы — панно немесе коллаж байқауы.
Форумның барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді, номинация жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен, команда жетекшілері мен қазылар алқасының мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 54 мемлекеттік қызметші әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

Бүгінгі таңда әлеуметтік қолдау шараларын көрсету аудандық және ауылдық жерлерге жас мамандарды тартудың тиімді құралы болып қала береді. Ауылдық жерге жұмыс істеуге және тұруға...

Әлеуметтік қолдау шаралары – жас мамандарды ынталандыру құралдарының бірі ретінде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56 бабының 12 тармағында  басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының...

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...

Мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындылары қаралды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды. Жүргізілген...

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру - бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші процесі. Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер...