Сенбі, Шілде 27, 2024
21.2 C
Kokshetau
25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіОблыстық форумда 90-нан астам ақмолалық оқушы өздерінің экологиялық жобаларын таныстырды

Облыстық форумда 90-нан астам ақмолалық оқушы өздерінің экологиялық жобаларын таныстырды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Табиғат бесігі» кіші жобасын іске асыру шеңберінде 2021 жылдың 11-13 қазан күндері облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы ZOOM платформасында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілернің облыстық форумын өткізді.

Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
Форумға Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Астрахан, Біржан сал, Бурабай, Зеренді, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 93 бала қатысты.

Қазылар алқасы ретінде Зеренді ауданы Шағалалы а. жоғары агротехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Нарбаева Райхан Темірбекқызы, Бурабай ауданы Қатаркөл а. ауылшаруашылық колледжінің арнайы пән оқытушысы Иманкулова Алмагүл Төлегенқызы, Бурабай ауданы Щучинск қ. жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің арнайы пән оқытушысы Сеитова Анар Қаратайқызы шақырылды.

Қатысушылар облыстық Форумның 6 номинациясы бойынша өз жұмыстарын қорғап шықты.

1. «Туған өлке тарихы» – өз өлкесінің көрікті жерлері, табиғаты және қорық аумақтары, табиғат ескерткіштері, табиғат нысандары мен аумақтары туралы виртуалды сапарларымен 3-D форматта таныстырды.

2. «Жасыл экономика» номинациясы: жоба-зерттеу байқауы келесі бағыттар бойынша қорғады:
экологияны және қоршаған ортаны жақсарту, жасыл экономика, «жасыл» технологияларды қолдану;
инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы:

3. «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы – денсаулық сақтау саласында тәжірибелік қызметті, адам денсаулығын сақтауға бағытталған экологиялық акциялар мен табиғатты қорғау іс-шараларын, адам денсаулығына қоршаған ортаның әсерін қамтитын жобалар байқауы:

4. «Жасыл оазистер» номинациясы – экодизайнерлер байқауы, еркін стилде флористика ережесіне сәйкес табиғи өсімдік материалдан жасалады:

5. «Экоболашақ» номинациясы – көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжай, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер, мектеп орман шаруашылығы, бойынша бейнероликтер презентациясы:

6. «Жеңіс мамыры» номинациясы – панно немесе коллаж байқауы.
Форумның барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді, номинация жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен, команда жетекшілері мен қазылар алқасының мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...