Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерАқкөлМЖӘ аясында Ақмола облысының шалғайдағы ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

МЖӘ аясында Ақмола облысының шалғайдағы ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

2021 жылдың 13 қазаныңда Ақмола облысы Ақкөл ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды, ол өз жұмысын «Алтын Жер Астана 2020» ШҚ базасында жүзеге асыратын болады. Айта кету керек, бұл Ақкөл ауданында жұмыс істейтін үшінші өрт сөндіру бекеті.

Өрт сөндіру бекеті шамамен 1067 адам тұратын Азат ауылын және жақын орналасқан ауылдық округтерін де өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді.

Өрт сөндіру бекетінің жұмыс істеуі тәулік бойы және жыл бойы жүзеге асырылатын болады, онда қызметті ауысым бойынша 6 адам атқаратын болады.

Дайындық іс-шаралары кезеңінде Ақкөл қ. 26-ӨСБ жеке құрамы Ақкөл ауданының ТЖБ қолдауымен аудан әкімдігімен өзара іс-қимыл жасау үшін жергілікті атқарушы органдардың балансына берілген (автоцистернаны бояу, отын аппаратурасын, трансмиссиясын жөндеу) өрт сөндіру автомашинасына жөндеу жүргізілді, әкімдік өрт сөндірушілер үшін 590 мың теңге сомасына өрт-техникалық қару-жарақ пен жауынгерлік киім және жарақ сатып алды.

Өрт сөндіру бекеті «Алтын Жер Астана 2020» ШҚ базасында орналасқан және бекеттің жеке құрамына жұмыс істеу үшін жағдай жасалған.

Өрт сөндіру бекеті жылытылатын гаражбен қамтамасыз етілген, телефон байланысы жұмыс істейді. Қару-жарақта өрт сөндіру автомобилі бар, тәуліктік жауынгерлік кезекшілікке ауыл тұрғындары қатарынан бекеттің жеке құрамы кірісті. Жеке құраммен Ақкөл қаласының 26-ӨСБ базасында оқыту жүргізілген.

Жаңадан құрылған команда тек өрттерге ғана емес, сондай-ақ олардың жауапкершілік аймағында болып жатқан басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді және елді мекендердің тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, аудан әкімі елді мекендер мен дала алқаптарын өрттен қарсы қорғауға көп көңіл бөледі. Бұл бекеттің жұмысы «Алтын Жер Астана 2020» ШҚ директоры М.Н.Толеубековтың атынан мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында қолға алынды.

Өрт сөндіру бекетінің ашылуы ауылдық округтер мен жалпы аудан тұрғындары үшін техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіпсіздіктің ұзақ мерзімді кепілі болатыны сөзсіз.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...