Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылғы 14 қазан мен 24 қараша аралығында Ақмола облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 8-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті барлық мүдделі тұлғаларды жұмыс тобының мүшесі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатысуға шақырады.
Облыс тұрғындарын Көліктік бақылау инспекциясының қызметі бойынша өз ұсыныстары мен шағымдарын енгізуге шақырамыз.
Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын алу үшін:
— электрондық пошта: anticorruption1494@mail.ru
— байланыс телефоны: 8 (7162) 29-66-24
Жұмыс тобына ANTIKOR ORTALYGY сервис орталығының алаңы (Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы 71/1) арқылы хабарласу және қатысу мүмкіндігі қарастырылған.
Барлық бейжай қарамайтын азаматтарды ынтымақтастыққа және талдау жүргізуге қатысуға шақырамыз!