Пятница, 18 октября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында отбасылық онлайн-байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында отбасылық онлайн-байқауының жеңімпаздары анықталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 ж. 27 қазанында «Жыл отбасы» облыстық сырттай байқауы өтті. Іс-шара отбасы институтын нығайтуға, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Аталған іс-шараға облыстың 19 ауданынан (қалала) аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысушылар өз жұмыстарында отбасының, баланың дүниеге келу тарихын, алғашқы жетістіктерін, жеңістерін, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлердің дамуын ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздары анықталды:

1 орын – Шортанды ауданы Бозайғыр ауылынан Махшанай Өмірдостың отбасы;
2 орын – Целиноград ауданы Ынтымақ ауылынан Хурмет Дәуренбектің отбасы;
2 орын – Аршалы ауданы Аршалы кентінен Медет Берікбайұлы Сейдабзаловтың отбасы;
3 орын – Сандықтау ауданы Максимовка ауылынан Кулис Сергей Юрьевичтің отбасы;
3 орын – Степногорск қаласы Қарабұлақ ауылынан Бауыржан Сейлханұлы Оразалиннің отбасы;
3 орын – Жақсы ауданы Жақсы ауылынан Аслан Кеңесбекұлы Жақсыбаевтың отбасы.

Байқау қатысушылары мен жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының грамоталарымен, дипломдарымен және ақшалай сертификаттарымен марапатталады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік қолдау шаралары – жас мамандарды ынталандыру құралдарының бірі ретінде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56 бабының 12 тармағында  басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының...

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...

Мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындылары қаралды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды. Жүргізілген...

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру - бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші процесі. Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер...

Ақмола облысында автожол салу кезінде бұзушылықтар анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде жол құрылысы сапасына ашық бақылауды...