Вторник, 26 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмолалық оқушылар өз жобаларын республикалық байқауда ұсынды

Ақмолалық оқушылар өз жобаларын республикалық байқауда ұсынды

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» Республикалық инновациялық идеялар байқауы онлайн режимде өтті.

Шараны ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу — әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Байқауға 9 номинация бойынша жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.

Байқауда Ақмола облысының намысын 10 қатысушы қорғады: оның ішінде 5 қатысушы Аршалы ауданының жас техниктер станциясының тәрбиеленушілері, Бурабай ауданы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының 1 тәрбиеленушісі, Шортанды ауданы Научный кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының 1 тәрбиеленушісі, Целиноград ауданы «Жас-шабыт» техникалық шығармашылығы орталығының 1 тәрбиеленушісі, Зеренді ауданы Троицкое ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының 1 тәрбиеленушісі, Көкшетау қаласының «Әулет» МТЖО 1 тәрбиеленушісі.

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы ауданы Аршалы кентінің «Жас техниктер станциясы» КММ тәрбиеленушісі Жакупов Ануар жеңімпаздардың қатарынан көрінді. Ануар қосымша білім беру педагогі Олейник Николай Львовичтің жетекшілігімен «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру» номинациясында 3 орын алды.

Жарыс жеңімпаздары ҚР БжҒМ РОӘО дипломдарымен, жетекшілері алғыс хаттармен, ал қатысушылар сертификаттармен марапатталады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...