Ақмола облысының әкімдігінде өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша бірлескен кеңес өтті, оған облыстық басқармалар басшыларының орынбасарлары және өңірдің аудандары мен қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды басымдықтарын түсіндіріп, мемлекеттік органдардың басшылығы тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру кезінде кешенді және үйлестірілген тәсілдерді қолдану қажеттігін атап өтті.
«Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, облыс әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Самира Тайтенова жергілікті атқарушы органдардың өңір басшысы бекіткен Парасаттылықты қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспар шеңберіндегі іс-шараларды орындау барысы туралы айтып берді.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібіне ерекше назар аударылды, ол бойынша облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметкері Даниар Каконов егжей-тегжейлі баяндама жасады.
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі қызметінің негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлар туралы осы ұйымның облыстық филиалының жетекшісі Ерлаз Жайықбаев айтып берді.
Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді талдау бөлімінің басшысы Данагүл Жұмабек кездесуге қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов жауапты тұлғаларға сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын уақытылы және сапалы жою бойынша жұмысты жандандыруды және халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде іс-шаралардың іске асырылу барысына тиісті бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.