Ақмола ҚАЖД колониясы-қонысына облыстық ұлттық алдын алу тетігі өкілдері келді. Жоспарлы аралық сапар барысында топ басшысы Руслан Мұқажанов мекеменің жеке құрамымен кездесті.
Сапардың мақсаттары мен міндеттерін айта отырып, қоғамдық бақылау өкілдері колонияның тұрғын аймағына барды. Құрылған асханада болған комиссия мүшелері ас мәзірімен танысты, азық-түлікті сақтау шарттарын, тез бұзылатын өнімдерді сақтаудың температуралық режимінің сақталуын тексерді. Сотталғандардың тұрғын үй жағдайлары, санитарлық-гигиеналық, медициналық қамтамасыз ету, шағымдар мен өтініштер беру құқықтарының сақталуы зерделенді. Сотталғандарды жеке қабылдау жүргізілді.
Сапар қорытындысы бойынша ҰАТ мүшелері кейбір кемшіліктерді атап өтті. Сотталғандардың жатын үй-жайларында қалыпты ауа алмасуды жақсарту үшін мәжбүрлі ауа жіберу желдеткішін орнату, күнделікті тұтынатын тамақ өнімдерін сақтау кезінде температуралық режимді есепке алу құжаттамасын жүргізуді сәйкестендіру ұсынылды.
Сонымен қатар, мекеме асханасы жұмысшыларының штаттық санын арттыру мәселесін қарастыру, ұсыныстар енгізу.
Жалпы, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге бару нәтижесі комиссия мүшелерімен қанағаттанарлық деп бағаланды.