Среда, 27 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетКөкшетауда Еркін Әуелбековке еңселі ескерткіш орнатылды

Көкшетауда Еркін Әуелбековке еңселі ескерткіш орнатылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетаудың Әуелбеков және Сәдуақасов көшелерінің қыйлысында орналасқан аллеядан орын тепкен ескерткіштің ашылуына аймақ басшысы Ермек Маржықпаев, сондай-ақ, тыл, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Еркін Әуелбековтің туған-туыстары мен көзі көрген адамдар және Ақмола жұртшылығы қатысты.

Ескерткіш «Еркін Әуелбеков» қоғамдық қорына жиналған қаражат есебінен тұрғызылды.

Айта кетсек, Көкшетауда орталық көшелердің бірі Еркін Әуелбеков есімімен аталады. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданының орталығында, Қызылордада – бюсті орнатылды, сондай-ақ көшеге есімі берілді.

Заманында Еркін Әуелбеков Қазақстанның үш аймағын — Көкшетау, Торғай және Қызылорда облыстарын үлкен абыроймен басқарған. 1973 жылы оған еңбектегі ерен ерлігі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол Қызылорда облысын басқарған жылдары аграрлы өңірдің өнеркәсіп өлкесіне айналуының алғы қадамдары жасалды. Көкше өңірінің дамуына да баға жетпес үлес қосты.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...