15-18 қараша аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында жаратылыстану-математикалық циклының пәндері бойынша XIV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.
Олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған жалпы білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары қатысты.
Президенттік олимпиаданың негізгі мақсаты орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету. Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.
Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология.
Аталмыш олимпиадаға Ақмола облысынан 2 оқушы қатысып, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректорының білім беру грантының сертификатына ие болды.
1) Жұматай Саяна — Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы;
2) Төлеген Жанболат — Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы № 5 көпсалалы мектеп-лицейінің оқушысы.
Дарынды балаларды қолдап және олардың болашағы зор ел құруға деген табандылығы күшейтетін берілген гранттар үшін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры М.К.Сырлыбаевқа үлкен алғысымызды білдіреміз.