Ақмола облысындағы -80-90 градус температура аралығында жұмыс істейтін 2 тоңазытқыш камерасына орналастырылды. Одан бөлек, 1 дана авторефрежитор жаңадан сатып алынды. Құрылғы -,+ кез-келген температурада қалыпты жұмыс істейді. Алдағы дүйсенбіден бастап вакцина өзге аймақтарға тасымалданатын болады.
Аталған вакцинамен, ең алдымен балалар, 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге (16-37 аптадағы жүктілік мерзіміндегі аяғы ауыр келіншектерге), босанғанына 42 күн толған бала емізетін аналарға салынатын болады.
Қазіргі таңда Ақмола облысы аудандық ауруханалар екпе егу маусымына дайын. Медициналық ұйымдар, мектептер, медициналық қызметкерлер арнайы әдістемелік даярлықтан өтіп, толық аттестациялаудан өтті. Екпе егу жұмыстарына рұқсат алды.
Дәл осы сәтте ата-аналардың келісімін алу үшін ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудандарда түсіндірме жұмыстары қарқынды жүруде. Оған жауапты арнайы мамандар бекітілді. Екпе егетін бригадалар жұмысқа кірісуге әзір.
Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.