Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында парасатты отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Парасатты отбасы» байқауының қорытындысы шығарылды.

Іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық Білім басқармасы ұйымдастырды.

Байқау екі кезеңнен тұрды, бірінші кезеңде ұсынылған жұмыстар аудандық және қалалық деңгейлерде іріктеліп алынды, содан кейін облыстық «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды.

Қатысушылар өз байқау жұмыстарында отбасылық құндылықтар, адамгершілік қасиеттерді, отбасы мүшелері арасындағы достық қарым-қатынастарды қалыптастыру, саналы тұлғаны дамыту, сондай-ақ балалар мен жастарды әділеттілік пен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік рухында тәрбиелеу туралы көзқарастарын көрсетті.

Эссе жазу кезінде басты назар отбасында, қоғамның маңызды бөлшегі ретінде жауапкершілік, адалдық, парасаттылық қасиеттері дағдыланады. Отбасы адам мен қоғам өмірінде үлкен рөл атқарады, оның маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес, сондықтан тек достық отбасы – барлық нәрселерде сәттіліктің кілті.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар Қорғалжын ауданынан Қартенбай, Зеренді ауданынан Арыстановтар және Біржан сал ауданынан Мәдиевтер отбасыларының эсселері анықталды. Екінші орынды Көкшетау және Степногорск қалаларының, сондай-ақ Астрахан және Целиноград аудандарының тұрғындары жеңіп алды. Үшінші орынға облыстың Ақкөл, Атбасар, Есіл, Жарқайың және Бурабай аудандарынан отбасылар ие болды.

Жеңімпаздардың барлық жұмыстары арнайы жинақта жарияланатын болады.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...