Өскелең ұрпақ арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын құру мақсатында Ақмола облысында жастар қозғалысы өкілдерінің және студент жастардың қатысуымен TEDx және печа-куча форматтарындағы кездесулер өткізілуде.
Атап айтқанда, Степногорск қаласының жоғары колледжінде ТEDх форматында кездесу ұйымдастырылды, онда оқу орнының студенттері Хусейн Асланұлы мен Лидия Рудич сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі шетелдік тәжірибе тақырыптары бойынша презентациялар жасады.
Кездесу барысында қатысушылар пайдалы ақпарат пен пікір алмасып, алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету аясында іс-шараларды өткізуге белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
Сондай-ақ, Бұланды ауданының жастар ұйымдарының көшбасшылары «Болашақ — жастардың қолында» атты ТEDх форматындағы кездесуін өткізді, оның қорытындысы бойынша қатысушылар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен идеяларды әзірледі.