Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau
13 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіШортандыда инклюзивті білім беру кабинеті ашылды

Шортандыда инклюзивті білім беру кабинеті ашылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында Ақмола облысының Шортанды кентіндегі №1 мектеп қабырғасында 15 желтоқсан күні инклюзивті білім беру кабинеті салтанатты түрде ашылды. Ресурстық кабинеттің ашылуы Ақмола облысының білім басқармасының Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Ресурстық кабинеттер желісін кеңейту» іс-шаралар жоспарының арқасында, инклюзивті білім беруді қолдаудағы «Кедергіс болашақ – кедергісіз мектеп» бірлескен жобасы аясында мүмкін болды.

Мерекелік іс-шараға Шортанды ауданының әкімі Малғаждаров Бауыржан Бағдатұлы, аудандық маслихаттың хатшысы Садвокасова Гульнур Анурарбековна қатысып құттықтау сөздерін айтып нысанның лентасын кесті.

Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының Шортанды аумақтық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қожамсейітов Ахмедия Шабданұлы, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы Сытник Татьяна Александровна, Шортанды ауданының ауданының білім беру бөлімінің басшысы Ахметова Шолпан Хасенқызы құттықтау лебіздерін білдірді.

Мектеп қабырғасында ашылған инклюзивті білім берудің ресурстық кабинеті кез келген баланың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың дамуы үшін кедергісіз және достық жағдай жасауға мүмкіндік беретін бірнеше аймақтардан тұратын заманауи кеңістік болып табылады. Бұл кабинет: жалпы сабақтар аймағы, жеке сабақтар аймағы, релаксация аймағы, ата-аналар аймағы деп 4 аймаққа бөлінген. Бұнда психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагогтың қатысуымен бұзылу түрі, ақау құрылымы, жас ерекшелігі және әр оқушының, тұлғаның ерекшелігі есепке алына отырып, түзете- дамыту жұмыстары жүргізіледі. Кабинет жаңа материалдық жиынтықтармен жабдықталған.

Мерекенің соңында аудан әкімі Малғаждаров Бауыржан Бағдатұлы ұжымға шығармашылық табыс, мықты денсаулық тілей отырып осы кабинеттің алда жаңа белестерді бағындыратына сенетінін айтты.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...