Среда, 27 ноября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола полицейлері ұрланған кассалық аппаратты иесіне қайтарды

Ақмола полицейлері ұрланған кассалық аппаратты иесіне қайтарды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Бурабай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 44 жастағы тұрғыны өтініш білдірді, ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында белгісіз тұлға орталық базарда сауда үйлерінің бірінің жанында «Газель» маркалы автокөлік салонындағы «Aisino а-90» маркалы кассалық аппаратын ұрлап кетті. Шығын сомасы 114 мың теңгені құрады.

Өтініш беруші азық-түлік сатумен айналысатын ЖШС-де жұмыс істейтінін және Щучинск қаласына кәмпиттер мен печеньелерді жеткізуді жүзеге асырғанын түсіндірді. Ол дүкенге тауарлары бар қораптарды әкелген кезде, автокөлік салоннан кассалық аппарат бар сөмкені ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бурабай ауданының ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Щучинск қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Қаскүнем сөмкеде ақша бар деп ойлады. Алайда, тек кассалық машинаны көріп, сөмкесін жақын маңдағы гараждардың бірінің төбесіне қойып, қашып кетті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті Бурабай ауданының УҰИ-не қамалды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...