Өңірде азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртіпті орнатуда аймақ басшысының төрағалығымен жедел штаб жұмыс істеуде. Облыс әкімдігі тарапынан Мемлекет басшысының Қауіпсіздік кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бағыттындағы барлық шаралар жүзеге асырылуда. Қоғамдық көліктер, коммуналдық қызметтер, әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандар, штаттық режимде жұмыс істейді.
Сонымен бірге, сауда нысандарында әлеуметтік маңызы зор азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермеу үшін мониторинг жүргізіліп отырады. Банкоматтардан қолма-қол ақша алу мәселесі реттелді. Азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесінде де еш кедергі жоқ. Көкшетау қаласы периметрі бойынша 7, Степногор қаласы бойынша 3 блокпост қойылған.
Қоғам өкілдерінің бастамасымен танымал спортшылар мен қарулы күштер ардагерлері және қоғамдық ұйымдар өкілдерінен ерікті сақшылар жасақтар құрылды. Олар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті сақтауда көмектеседі.
Волонтерлер желісі тұрғындарға психологиялық және өзге де көмек көрсету бойынша Coll-орталық ашты. Тұрғындарға, заңды тұлғаларға, меншіктің барлық түрлеріне Төтенше жағдай режимі, комендаттық сағатты сақтауға, заңсыз митингіге шықпау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.