Түркияның экономикалық даму және әлеуметтік зерттеулер институты IKSAD Hagia Sophia атындағы үшінші халықаралық конференция өткізеді. Конференция онлайн және офлайн форматта Түркияның Стамбул қаласында ақпан айының 11-13 аралығында өтеді.
Ағылшын және түрік тілдерінде өтетін конференцияда Гүлім Токатқызы “THE POTENTIAL OF DISCOURSE ANALYSIS FOR THE DEVELOPMENT OF LANGUAGE ABILITIES OF YOUNG LEARNERS” (Бастауыш мектеп оқушыларының тілдік қабілеттерін дамытуда дискурс анализдің потенциалы) тақырыбында мақала конференция едиторлық комитетімен қарастырылып, конференцияда баяндама жасайды.
Айта кетейік, Гүлім Батыргалиева Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, магистр.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты, магистратураны АҚШ-тың Джорджия университетінде 2021 жылы аяқтады.