Көкшетау қаласындағы «Динамо» тау шаңғы базасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағасы, Ақмола облыстық сотының бұрынғы төрағасы Ақжан Ештайды еске алуға арналған, облыс соттарының судьялары мен қызметкерлерінің арасында қысқы спартакиада өткізілді.
Спартакиаданың ұйымдастырушылары – Ақмола облыстық соты және ҚР Судьялар одағының Ақмола филиалы. Спартакиаданы өткізудің мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыру мен спортты насихаттау, спортқа халықты жаппай тарту, қысқы спорт түрлерін танымал ету, корпоративтік рух пен топтасушылыққа арналған спорттық іс-шараларға сот жүйесі қызметкерлерінің қатысуы.
Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.Әмір, ҚР Судьялар одағы Ақмола филиалының төрағасы Б.Нұржан және сот жүйесі ардагерлері спартакиаданың ашу салтанатында сөз сөйледі.
Спартакиаданың бағдарламасында: ерлер және әйелдер арасындағы «Шаңғы жарысы», «Көңілді старттар» (қысқы эстафета). Спартакиадаға 4 команда қатысты: Ақмола облыстық сотының, Көкшетау қалалық сотының, мамандандырылған соттар құрамасы, аудандық соттар құрамасы командалары.
Шаңғы жарыстатарда ерлер арасында 1-ші орынға Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің маманы Нұрлан Токушев, 2-ші орынға Зеренді аудандық сотының төрағасы Қайрат Хасенов, 3-ші орынға Бурабай аудандық сотының маманы Әділ Момынов ие болды.
Шаңғы жарыстарда әйелдер арасында 1-ші орынға МАӘС маманы Әбішева Аңсаған, 2-ші орынға МАӘС маманы Сабирова Индира, 3-ші орынға Соттар әкімшісінің маманы Наргиз Сатаева ие болды.
«Көңілді старттар» эстафетада 1-ші орын мамандандырылған соттар құрама командасы, 2-ші орын аудандық соттар құрама командасы, 3-ші орын Ақмола облыстық сотының командасы алды.
Жеңімпаздар мен қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.