Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Зеренді ауданының полиция бөліміне аудан ауылдарының бірінің 37 жастағы тұрғынының 2022 жылдың 19 ақпанға қараған түні 35 жастағы ауыл тұрғыны үйінің ауласына бензин құйылған бөтелкелерді тастағаны туралы өтініші келіп түсті.
Арыз иесі ақшалай қаражатты өткен жылдың желтоқсан айында бұрын бірге жұмыс істеген танысына қарызға берген. Келісімшарт бойынша ер адам ақшаны бір айдан кейін қайтаруы керек еді.
Алайда, ақшаны уақытында қайтара алмаған. 18 ақпанда өтініш беруші оған қарызын еске салуға келді. Алайда сындарлы диалог болмады, ауызша жанжал туындады. 19 ақпанға қараған түні күдікті ауылдасын қорқытуды шешіп, үйіне келіп, ауласына бензин толтырылған бірнеше бөтелкені лақтырды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 115-бабы «Қауіп» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.