Облыстық кезеңнің жеңімпаз мұғалімдерінің үздік авторлық жобалары ағымдағы жылғы 01-02 наурыз аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында өткен конкурстың қорытынды кезеңіне қатысу үшін ұсынылды.
Мәлімделген жұмыстардың тақырыптары оқу және оқудан тыс қызметтің әртүрлі аспектілерін қамтыды.
Белсенді әдістемелік қолдаудың және жеңіске деген зор ұмтылыстың арқасында біздің мұғалімдер жақсы нәтижелер көрсетті:
І дәрежелі дипломмен — Тлеулина Галия Жамалетдиновна (Ақкөл ауданы);
ІІ дәрежелі дипломмен — Нұршәріп Сәндігүл, Зеренді ауданы, Кинцель Александр Евгеньевич, Степногорск қаласы, Абылкалыкова Роза Батырхановна, Көкшетау қаласы.
Сонымен қатар «Кәсіби шеберлігі үшін» номинациясы бойынша Шапенова Гаухар Кабдешевна, Көкшетау қаласы грамотамен марапатталды.
Айта кетейік, педагогикалық шеберлік конкурстары педагогтің қоғамдағы беделі мен мәртебесін арттыру, оқыту мен тәрбиелеу процесіне тиімді әсер ететін инновациялық әзірлемелер мен технологияларды қолдау мақсатында өткізіледі.