2022 жылғы көктемгі су тасқынынан су басу қаупіне ұшыраған Ақмола облысының елді мекендерін инженерлік қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Атбасар ауданындағы 9 елді мекенде – Атбасар қ., Самарка, А.Құрманов, Полтавка, Покровка, Борисовка, Новосельское, Садовое, Шуйское ауылдарында жұмыстар жүргізілді, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
«Бүгінгі таңда жарылыс жұмыстары басталып кетті, қазір Атбасар қаласының Жабай өзенінде жарылыс жұмыстары жүріп жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы қар әлдеқайда көп, егер өткен жылы қар жамылғысы 25-30 см-ге жетсе, биыл 40 см-ден асады», – деп атап өтті Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов.
Атбасар ауданы бойынша ағымдағы жылғы 11-14 наурыз аралығында барлығы жалпы ауданы 2805 ш.м. 15 учаскеде жарылыс жұмыстары жүргізілді, 187 кг жарылғыш материалдар алынды. Жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге «Normal Work» ЖШС күштері – 6 адам, 2 бірлік техника, ТЖД – 1 адам, жергілікті атқарушы органдар – 6 адам, 6 бірлік техника, аудандық полиция бөлімінен – 6 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды.
Су басу қаупі бар аймақта 502 тұрғын үй қалады, оның ішінде Атбасар қаласында – 269 үй және ауылдық елді мекендерде – 233 үй. Су басу аймағына түсетін жоғарыда аталған үйлердің тұрғындары үшін Атбасар қаласында екі жүз пәтерлі үйдің құрылысы аяқталуда.
Атбасар қаласының ТЖ бөлімі және 4-МӨСБ қызметкерлерімен су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы хабарлама берумен аулаларды аралау жүргізілуде. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар эвакуациялық іс-шараларды одан әрі жүргізу мақсатында халықтың, қолда бар жануарлардың су басуы мүмкін аймақтарда тұруын нақтылай отырып, үй-үйді аралап шықты.
Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша жалпы халық саны 2000 адам болатын ауданның 16 елді мекені су басуы мүмкін аймаққа түседі, осыған байланысты, қар шығару бірінші кезекте осы елді мекендерде жүргізіледі.
Көктемгі кезеңдегі ТЖ жоюға қажет болған жағдайда тартылатын барлық меншік нысанындағы күштер мен құралдар Атбасар ауданында 373 адамды, 129 бірлік инженерлік, су сорғыш және эвакуациялық арнайы техниканы, 16 мотопомпаны, 6 жүзу құралын, Ақмола облысы ТЖД күштері – 64 адам, 14 бірлік техника, 3 бірлік жүзу құралдары және 8 бірлік мотопомпаны құрайды.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.