Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола облысында қаруды заңсыз сақтағаны үшін ауыл тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Ақмола облысында қаруды заңсыз сақтағаны үшін ауыл тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Бұзушылық «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс – шарасы аясында анықталды. Ағымдағы жылдың 16 наурызында Экстремизмге қарсы іс-қимыл құрылымының қызметкерлері мен Бурабай ауданының полиция бөлімінің жедел қызметкерлері рейдтік іс-шараларды өткізу барысында, Зеленый Бор кентінің тұрғынының қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады. 33 жастағы ауыл тұрғынының тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде полиция қызметкерлері 16 калибрлі «ТОЗ-63» маркалы тегіс ұңғылы екі ұңғылы мылтықтың тіркелмеген кескінін тауып алды.

Ведомстволық деректер базасы бойынша бұл қару тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта мылтық тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс – шарасы Ақмола облысының аумағында 14 наурызда басталды. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу. Тәртіп сақшыларының ерекше бақылауында қару қолдану арқылы қылмыс жасау. Әртүрлі тыйым салынған заттарды, есірткі құралдарын және атыс қаруын заңсыз сақтаған азаматтарды анықтау үшін криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметі құрылымдарының қызметкерлерінен арнайы топтар құрылды. Қабылданған шаралармен үш күн ішінде заңсыз айналымнан 10 бірлік атыс қаруы тәркіленді. Фактілер Степногорск қаласында, Бурабай, Зеренді, Сандықтау және Целиноград аудандарында анықталды.

Ақмола полицейлері қаруды заңсыз сақтағаны, дайындағаны және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...