Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында:- Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын. Жаңа құрылым Ұлттық кеңестің қызметін жалпыхалықтық деңгейде жалғастырады.
Құрылтай қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық моделін қалыптастыруға тиіс. Сөйтіп, билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатын болады. Қазіргі Қоғамдық кеңестердің бәрін өз айналасына топтастырады.
Ұлттық құрылтайдың құрамында еліміздегі барлық аймақтың өкілдері болады. Сондай-ақ, оған Парламенттің бірқатар депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың мүшелері, беделді қоғам қайраткерлері, өндіріс және ауыл шаруашылығы жұмысшылары, бизнес өкілдері және тағы басқа азаматтар кіреді.
Осылайша, сан түрлі қоғамдық пікір иелерін түгел қамтитын өкілді құрылым қалыптасады. Ұлттық құрылтай мүшелері маңызды мәселелерді талқылау үшін тұрақты түрде бас қосып отырады, деп атады.
Президент «Бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген» деді. Дөп басып, шынайы айтылған сөз.
Мысалы, жоғарғы «Ұлттық Құрылтай» — құруды ұсынуы бірден бір дәлел. Ұлттық құрылтай шақыруды халық талқылап, қарапайым қатардағы қазақтар бастама көтеріп алғашқы құрылтайды «Жалпы Ұлттық Құрылтай»- атауымен өткен жылдың 27 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында өткізді. Құрылтайға барлық өңірден ұлтқа жаны ашыйтын, мемлекетінің бекемдігін, елінің өркенін ойлаған 300 –ден астам белсенді азаматтар жиналды.
Елдің жағдайына байланысты сан қилы оқиға,пікір ұсыныстар айтты. Кім сөйлегісі келеді барлығы сөйледі. Құрылтайдың орталық кеңес, өңірлік өкілдерін сайлады. Қарар қабылдап Президент Қ.Тоқаевқа 3 бөлікті 30 тармақтан тұратын талаптарын жолдап бетпе бет кезігіп, ауызша айтатын басқада ұсыныстары барын жеткізіп, жеке қабылдауын өтінді. Өкініштісі, құрылтайдың жолдаған талаптар ескерілмеді. Ұсыныс талап Президент Қ.Тоқаевқа жеттіме, жоқпа белгісіз, елеусіз ғана, күнделікті жағдайды баяндаған даму вице минстрінен жауап келіп, құрылтайды бастама көтеріп өткізген, жиналған көпшіліктің наразылығын туғызды.
Қарарда ел жағдайының нашарлығы, тәуелсіздігімізге нұқсан келгелі тұрған жайларды анық баяндаған болатын. Нақты ұсыныс, алда болуы мүмкін қауіп қатерлер, дәлел дәйек ескерілмегенді. Қарарда айтылған келеңсіздіктердің алдын ала алмағандықтан «Қаңтар оқиғасы» орын алды деуге, негіз бар. Құрылтайдың орталық кеңесі «Қаңтар оқиғасы» -нан соң жоғарғы талаптарды екінші рет Президент Қ.Тоқаевқа қайта жолданды.
Бұл жолы қарардың талаптарына мән беріп жағымды жауап келді. Бірақ, Президент Қ.Тоқаевпен кездесіп ашық алаң жасап пікір алмасуы болады делінгенімен, уақыт аз болдыма кездесу болмай, осы жаңа жолдау жасалып, жоғарыдағы «Ұлттық құрылтай құру» ұсыныс халыққа жолданды.
Ұлттық құрылтай ұйымдасыру қалай басталды.
Қоғамдық ұйым, қозғалыс, партиялардың тыңдап,әр түрлі жиындарға қатысып, көтерген мәселелелерін тыңдап жүрген қарапайым қазақтың ақсақалдары Нағызхан, Аманғазы, Мамырбайлар дастархан басында қазақ елінің, кәзіргісі мен, келешегі жайын кеңеседі. Кеңесе келе «Ұлттық құрылтай» шақыруға уағдаласады. Уағдаларын қоғам, партия белсенділеріне айтып,қолдап бірігуді ұсынады.
Партияларын тіркете алмай жүргендер, аузы күйген үрлеп ішедінің кері ме, әлде атақ дәрежесі жоқ үш шалдың көктегі қиялы дегенбе. Қолдайтындар шықпайды. Сол кезде жаңа партия құрып жүрген тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі Н.Алтаевқа кезігеді. Ол ақсақалдарды тыңдап ойлана келе, ойларыңыз санама қонды. Қолдауға тұралық, біздің офисте игі істеріңізді жалғастыра беріңіздер деп, құп алады.
Бұл жайлы бастамашылардың бірі Аманғазы былай баяндайды:- Н.Алтаев қабыл алған соң ұйымдастыруға кірістік. Қоғамдық жұмыс жасауға білім, тәжірибеміз аз, қарапайым адамдармыз. Қатарымызды толықтырып, сауатты, белсенді деген азаматтарға бардық, кездестік қатарымызға шақырдық.
Жиындар өткіздік. Қоғамға танылып жүрген С: Ерғали, Е,Али, Ж. Шәмші қатарлы азаматтарды шақырып ұйымдастыру жұмысын қолға алуды өтіндік. Бірақ, олар қош көрмеді. Жиындарға келіп қатсып, жалынды ,орынды сөз айтып, ой қозғап жүрген көп жастарғада ұсыныс айттық. Ешкімі құлшынып шықпады. Тек, Н.Алтаев оның қызметкерлері құрылтайды өткізуге белсене кірісті.
Бірақ ортамызда жүрген белсенді азаматтар «Елтірегі» партиясының күмәнмен қарап, солардың жобасысыңдар деп, орта жолдан шегінді. Біз елге сенім болуға қүран ұстап ант беруге мәжбүр болдық.
Бастама көтерген үшеуміз және арамызда Н.Әлтаев бар құран ұстап ант бердік. Оған өздерің куә болдыңдар. Кейіннен өздерің келіп, қатарымыз толығып құрылтайды өткіздік. Жалпысы халықтың көңілінен шықты ұнады, қолдады.
Нағызхан:- Аманғазының айтқандарына қосарым. Ана ғасырдың аяғында ауыл тарап, мемлекет мүлкі талан таражыға түсті. Ауыл аңырап, қаңырап бос қалды. Ауыл қалқы қалаға ағылды. Менің өзім ауылда жаңа зәулім үй салдым. Иен ауылда қалай тұрасың. Қалды бос. Астана салынды. Қалаға жақындадық. Бірақ, елдің ал ауқаты, әсіресе ауыл тоза басады. Халықтың мұң мұқтажы ескерілмеді. Сайлаулар әділетсіз өтті. Сот жүйесі, құқық қорғау орғандарында жем қорлық жайлады.
Билік басындағылар, халықтың мүддесін емес, қалтамен қарын, ағайын жақын туыстарының күнін күйттеді. Жер дауы шықты. Сайлау жүйелеріндегі әділетсіздік, қоғамда болып жатқан келеңсіздіктерге жанымыз ауырып жүрді. Өткен жылы АЭС саламыз, Цифризацияны Ресей банкне береміз деген, хабар шықты. Осы сияқты тәуелсіздігімізге нұқсан келетін жайттарға алаңдаған қоғам белсенділерімен бірге болдық.
Осы жайды Жоғарыда Аманғазы айтқандай біздің үйде дастархан басында кеңесіп отырғанда «Ұлттық құрылтай» шақыру идеясы туындаған еді. Н.Алтаев, кәсіпкер А.Омар қолдап, көмектесті. Біздің Ел тірегі партиясымен бірігіп жасаған іс терімізді әр түрлі ұйым, жеке адамдар сан саққа жүгіртіп.
«Ел тірегі» партиясына күмәнмен қарап, Ұлттық мүддені қорғау кеңесін, партияның ойлап тапқан кезекті қойылымы деп, сынаққа алды.Басында бізге қаншама адамдар келді. Жиналды, ой пікірлерін айтты. Соңында табансыздық танытып, айтқандарынан көбі айнып кетті.
Кейіннен ақмолалықтар соның ішінде Ұлы хан Абылай 48 жыл ордасын тіккен Көкшетаулықтар өздерің келіп жігерімізді жанып, қолдап, атсалысқандарыңның арқасында құрылтай өтті. Жәй өтткен жоқ. Нәтижелі өтті. Нәтижесі мынау, ең қуаныштысы ел Президенті Қ. Тоқаевқа біздің, халықтың үні жетіті. Ұлттық құрылтай құрылатын болды. Бұны, аққа құдай жақ дейді, қазақ.
Бақытжан: – Мен 2012 жылдан бері қоғамдық жұмыспен айналысып жүрмін. Менің туған ауылым Солтүстіктегі Балуан ауылы. Осы ауыл алаяқтарға алданып пайға алған жерінен айрылып қалды. Ауыл жүдеп, тарап кетті. Жер дауға айналып билітегілер, қоғам белсенділері, опозиция серкелерімін дегендерменде қаншама кезіктім. Дауда жеңе алмадық. Сыбайластар өз дегенін істеді. Соңғы рет ауылдың жерін алғн инвестр жердің бәрін қорып, мал жаю тұрғой өзен көлдің маңына баруға тиым салды. Ауыл жұрты ғана қалды.
Осылай айтысып тартысып жүргенде осы Ұлттық мүддені қорғау кеңесіне жағдайымды айтып, келешектен үміт күтіп бастамшылармен бірге жұмыстап жүрмін. Бірге іс атқарудың нәтижесінде «Жалпы ұлттық құрылта» өткіздік. Халық жылы қабылдады.
Міне, «Ұлттық құрылтай» құрылатыны белгілі болды. Қуанышпен қолдап отырмын. Ұлт мүддесін қорғауда нәтижеге жетеміз деп, үміттенемін. Ұлт мүддесіне ел, жер, тіл, салт санамыз, мелекеттің тұтастығы, өркені бәрі қамтылады. Еліміздің қәзіргі жағдайына қатты алаңдаймын.
Жастарымыздың тәлім тәрбиесінде үлкен ағаттықтар орын алып жатыр. Мен өзім ұстазбын. Ауылда мұғалім болдым. Ел, жер үшін күресімді жалғастыра берем. Біздің ұлтық мүдені қорғау кеңесі «Ұлттық құрылтай» жанынан табылатынына сенімдімін.
Өйткені, «Ұлттық құрылтай» — дың негізін қалып, нәтиже беретінін елге аян еттік. Игі іс тоқтамайды, тыңғылықты жалғасаады дейді, құрылтай ұйымдастырған белсенілер. Өз істеріне, ұлт үшін қызмет ететіндеріне сенімді. Құрылтай елдің, мемлекетіміздің тұтастығына, халықтың береке, бірлігі ауызбіршілігін нығайтуға зор ықпал ететіне кәміл сенуіміз керек.
Ұлттық құрылтай аты қалып, заты өшкен ұлттық идеологияны жаңғыртып, болашақ жастарымыздың ой,санасына отаншылдықты сіңіруміз керек. Ұлттық идеологияны қалыптастырудың негізгісі болып ұлттық мүдені қорғау, отанды , елді, жерді сүю, патриоттық сезім біріншіде тұруы шарт.
Себебі, Қазақстан Республикасын құрып отырған ұлт –қазақ ұлты. Олай болса, қазақтың тілі, мемлекеттік тіл өз мәртебесін иеленуі керек. Құрылтайдың барлық іс қағаздары, сөйлеген сөз, қойылатын баяндамалар барлығы мемлекеттік тілде болуы шарт. Бұның бәрін мектепте халықтық педогогика пәнін кіргізу арқылы, ұлттық сананы әр балаға жастайынан сіңіріп, ұлт тұлғасын қалыптастыруымыз керек.
Жаңа Құрылтай сөзден іске көшіп, халықтың мұң мұқтажына құлақ асып, көкейінде жүрген мәселелерді шешуге тиіс. Ұлттық құрылтай демократияның жаңа негізін қалауы керек. Қазақтың өзіндік дала демокртаиясы бар. Хан, билер сайланып, қарашасы ханға дат айтатын құқықтары. Далалық басқару жүйесінің тиімді тұстарын құрылтайдың басқару жүйесіне енгізу керек.
Жалпы құрылтай шақыру қашан басталып, негізі қалай қаланған.
Түркілер тарихында құрылтайлар шақырылған жайлы айтылады. Бірақ, нақты дерек табылмады. Көшпенділер тарихында алғашқы құрылтайды Монғолдың ықпалды би шонжарлар 1189 жылы ұйымдастырып Тәмүжинд барша монғолдың ханы сайлайды.
Кейін 1206 жылы шақырылған жиын Ұлы құрылтай аталады. Ұлы құрылтайда Ұлы Монғол империясы орнағаны әлемге жарияланып Тэмүжинді Ұлы хан, яғни Шыңғыс қаған деп, ұлықтайды. Құрылтайдың негізін қалаушы ретінде Шыңғыс қағанды таныса болады.
Қазақ құрылтайларының тарихы Талас жерінде 1269 жылы Қайду ханның ұйымдастыруынан басталады. Ұлы құрылтай Алтын Орда мен Моғолстан мемлекетінің негізін қалайды. Бұл құрылтайдың қазаққа тиесілі болу себебі. Ұлы түрік қағанаты, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері – Қазақ хандығы екендігін тарих айғақтаған.
Атап өтсек, Талас құрылтайы арқылы Шыңғыс хан құрған ұлы империя ыдырап, түрік-ислам өркениетін ту еткен жаңа, дербес үш мемлекет – Жошы, Шағатай ұлысы және Моғолстан бой көтерген екен.
Шыңғыс қағаннан басталып, қазақ даласына жеткен құрылтай орыс отарлаған 300 жыл, кеңестік қызылға 70 жыл бодан болған жылдары санадан өшіп, ұмытылды. Зертелмеді, тәуелсіздік жылдары там тұмдап құрылтайлар, хандық басқару жүйе зертелді. Бірақ мардымсыз. Мысалы, Қазақ хандығының «Күлтөбенің басында күнде жиын» атанған Әз- Тауке ( 1678-1718) шақырған алғашқы құрылтай қай жылы болғаны жайлы нақты дерек жоқ. Осы құрылтайда қазақтың алғашқы заң жинағы «Жеті жарғы» қабылданады. Заң, ережені жазуға Әз-Тәуке өзі бас болды. Оған қатысқан Төле, Қазбек ,Әйтекені үш жүзге би сайлады. Жеті жарғыны жазу, хандық жүйені басқаруда дін егелері қожалардың роліде маңызды болғаны байқалады. Себебі, Ислам дінінің ғұламасы, әулие Мүсірәлі сопы әзиз үш жүздің бас пірі болып сайланады. Осы сайлауларды кей деректерден саралап көрсек, нағыз дала демократиясы негізінде болғанын көреміз.
«Жеті жарғы» заңын қабылдау арқылы 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің алдын алады және қазақ ұлтының ауызбіршілігін сақтап қалад. Мемлекетті нығайтуға Тәуке хан бұрын қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары және алдыңғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы” қағидасын жетілдірді. Одан кейінде қазақ хандары бастама болып Қарақұм құрылтайы — 1710, Ордабасы құрылтайы -1726 жылдары шақырылған екен.
Ордабасы жиыны қазақ жеріне баса-көктей кіріп, бейбіт елді қырып-жойып «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіретіне душар еткен жоңғар басқыншылығана қарсы күрес үшін шақырылады.
Тәуелсідіктен алғаннан кейін ұлт мәселесін көтерген Дүние Жүзі Қазақтары, Халық аралық «Қазақ тілі» қоғамы, басқада ұйым, жеке белсенді топтың бастамаларымен үлкенді кішілі біршама құрылтайлар өтті.
Нәтижесіне халық баға бере жатар. Осы құрылтайлардың ішінде қарапайым халықтың ортасынан шыққан белсенді тұлғалар жиналған Ұлттық мүдені ұлықтаған, ұлттық ой сананы жетілдіріп, патриоттық сезімді дер кезінде оятқан 2021 жылдың 27 қарашасында шақырылған алғашқы «Жалпы Ұлттық құрылтай»- дың орны ерекше деп білген жөн.
Бұл құрылтайдың ерекшелігі, мән мағнасы, мақсат мүддесін халықта ел Президенті Қ.Тоқаев терең түсініп «Ұлттық құрылтай» құруды ұсынғаны өтек қуанышты оқиға. «Ұлттық құрылтай» арқылы елді қалай басқару, билікпен халықтың арасына дәнекер болу, ұлттық мүддені қорғауда үлкенде ауқымды жұмыстарды атқаруға болатынын халықта, билікте түсінген сияқты.
Ертедегі көшпенділер, қазақтар биін ханның жарлығы арқылы сайламаған. Ауылдың ақылды, шешен, батыр адамдары арқылы сайланған. Би мен сұлтандар ру басыларының қалауымен, халықтың араласуымен сайланған. Біздің данада, дала халқы демократияға сонау ерте заманнан бейім болған.
Бұл қазақтардың ұлттық демократиясы. Әрине, оны жетілдіру заман талабы. Бірақ, негізіден ауытқымау керек. Ал, қазақтың тәлім тәрбиесі, әдеп ғұрпына келсек, мағнасы мәнді, үлгі өнегесі ұлтына жағымды, силастыққа негізделген. Қазақтың бәрі басшы, би болу қабілетке сай болмасада, көбі әр іске икемді екені ата тектен жалғасқан үрдіс. Қазақ-«Болар бола он бесінде баспын дейді» деген тәмсілін әркім біледі. Бірақ, не үшін, қалай мағынада айтылғанын біле бермейді.
Бас болатын осындай жеткіншектерді билік басына, білімге ғылымға, ұстаздыққа ұлттық идеологияны сіңіре отырып баулу керек. Біздің қазіргі билік, жалпысы биліктегілер ғана емес ғалым, ұстаз, ойшылдардың өзі – орысша ойлап, орысша сөйлейтіндіктен, ұлттық санадан жырақ қалған. Ұлттық мүдде, ұлттық мүддені қорғау дегеннен сезік жоқ деседе болады. Біз өзге тілді сөйлеседе, ұлт үшін күреседі, патриот білімді, жүрегі таза деп, жеке тұлғаларды мадақтаған жазбалар көп көрінеді. Ана тілін білмесе, анасын қалай құрметтейді. Анасына құрметі жоқтың, отанға құрметі сүйіспеншілігі болама.
Отан –Ана. Барша қазақ қазақша сөйлегенде, ол қазағымыз өзге тілде сөйлеп отырама. Отыруға орын қалмайды. Осы кезде өзге тілді , өзгеріп қарсы жаққа шыға кетеді. Ел ішінде ірткі туады. Бір мүдде, бір тілде сөйлейтін мемлекет болуымыз керек. Өзге ұлт өкілдері , ішкен суын, жеген нанын ақтап, мемлекетті құрметтесе қазақша сайрап кетеді. Сайрап жүргендер баршылық.
Ұлттық құрылтай құрылады. Келешегі кемел болсын…
Ұлттық құрылтай ұлт мүддесі үшін жұмыс жасасын. Қазақ ұлты мемлекетті құрушы ұлт ретінде танылып, оны әр қазақ сезінуі керек.Әрине, қазақстанда өмір сүретін этнос, ұлт өкілдері қазақстан азамты ретінде бар жағдайда, тең құқылы. Бірақ, қазақстанда тұратын этнос өкілдері өз ұлтының салт дәстүрі, тілін білумен қатар, қазақ ұлтының сал дәстүрін, ұлттық құндылықтарын ұлықтап, мемлекеттік тілді білуге міндетті.
Ұлттық құрылтайдың қарары, баяндамалары, жарғылары барлық іс қағаздары тек қана мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс. Қазақтың дала демократиясының тиімділ жағын ала отырып ұлттық идеологияны қалыптастырған жаңа заманға сай ұлттық демокартатия орнатқан жөн.
Қазақтың «Ұят болады, жаман болады, обал болады,» деген үш ақ, ауыз тәлім тәрбиесінің ауқымын кеңейте отырып, ұлттық тәрбиені жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы, ұлт патриоттарын қалыптастыру қажет.
Ұлттық құрылтай құрылған жағдайда Ұлт мүддесіне жұмыс жасап отырған Дүние жүзі Қазақтарының қауымдастығы, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» этностар мұңын мұңдап отырған Қазақстан халқы Ассамбелясын таратып Ұлттық құрылтай жанына қосу керек.
Бұлардың үшеуіде ұлт мәселесі, тіл мәселесімен шұғылданатын, қабаттасқан ұйымдар. Біріктіру арқылы Ұлттық құрылтайдың ауқымы кеңейіп, ара қатынастар нығайып, елдің, ұлттың мәселесін біріктіріп шешуде тиімділігі артады. Басқару тетіктерінің тиімділігі артумен қатар, қаржы үнемдеуде маңызы зор.
Жалпы Ұлттық құрылтайды ұйымдастырған бастамашыл топтың қатары ұлғайып үлкен бір қоғамдық ұйымға айналды. Осыған сай құрылтай кеңесінің мүшелері ақылдаса отырып «Ұлттық мүддені қорғау» РҚБ құрып құжаттарын әділет орнына тапсырған.
Құрылтай кеңесі құрылтайда сайланған «Халық қалаулыларына» арнайы куәлік, төс белгі дайындады. Бастамашыл топ тіркеуге берген қоғамдық ұйымның мақсат, мүдесі, жаңадан құрылатын Ұлттық құрылтайдың мақсат, мүддесіне сай келеді деп, таныйды. Танып қоймай құрылатын Ұлттық құрылтай ұйымдастыру, басқару тетіктерін бірігіп атқарамыз деген, сеніммен отыр.
Сонымен қатар,ұйымдастырушыларда бастамамыз жаңа құрылтай құрұлғанда ескерілмей қалама деген, ойда жоқ емес. Бұрынғы атқарған игі істер, келешекте ұлт мүддесі үшін атқаруға жоспарланған жоспарлар жолда тоқтайма деп, құрылтайды ұйымдастырған бастамашы топ өкілдері қатты алаңдаулы.
Алаңдаған бастамашыл топ Президент аппаратына, Мемлекеттік хатшы Е.Каринге хат жолдап, өз ойларын айтып, ақыл кеңес алуға қабылдауына жазылып, нақты ұсыныстарын дайындау үстінде.
«Жалпы Ұлттық Құрылтайды» ұйымдастырған бастамашылар, қәзір «Ұлттық мүддені қорғау» РҚБ мүшелері, ұлттық құрылтайдың негізін қалаушылар ретінде, жаңа құрылатын «Ұлттық құрылтай» жанынан табылып, елдің өркені, ұлттық мүдде үшін бірігіп жұмыстауға дайынбыз деп, мәлімдейді.
Д.Жәмші, Жалпы ұлттық құрылтай орталық кеңесінің мүшесі.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған.