Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Пхукетте (Тайланд) садақ атудан Азия Кубогы аяқталды, оған 11 елден 180-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы сапында Ақмола облысының спортшылары да өнер көрсетті.
Андрей Тютюн блок лукада ерлер арасындағы командалық жарыста чемпион атанды. Сондай-ақ, ол команда-микс әдісі (әйелдер мен ерлер бірге өнер көрсететін тәртіп) бойынша қола медаль жеңіп алды. Мәдина Займова классикалық садақ ату сайысында әйелдер арасында үшінші орын алды.
Жаттықтырушы Бауыржан Жолдыбаев атап өткендей, ұлттық құрама қоржынына алтын жүлде салған садақшыларымыз финалда үндістандық команданы жеңді.
«Төрешілер бұл жекпе-жекті күннің ең жақсы матчы деп атады, өйткені интрига соңғы сәтке дейін сақталды. Біздің спортшы Андрей Тютюн «ондықты» жеңіп, қазақстандықтар жеңісті тартып алды», – деді Б.Жолдыбаев.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бір алтын, екі күміс және үш қола медаль иеленді.