ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында 1,5 гектар аумақты шарпыған дала өртінің саяжай алабына жайылуына жол берілмеді.
«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 24 адам және 6 техника, сондай-ақ азаматтық қорғау академиясының курсанттары жұмылдырылды. Өрт сағат 21:30 сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деді ведомстводан.
Осы ретте, Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау көбінесе шөптің, одан соң орман алқабының өртенуіне әкеп соқтыратынын еске салады.