Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2020 жылдың 9 айында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2319 іс қаралды, оның ішінде 2073 азамат әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды: 144 азаматқа ескерту жасалды, 1414 азаматқа әкiмшiлiк айыппұл салынды, 427 азамат әкімшілік қамаққа алынды, 88 азаматқа арнайы құқықтан айыру жазасы тағайындалды, 2 азамат Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылып жіберілді, кәмелетке толмаған 2 азаматқа қатысты тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалды.
242 азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жоққа шығаратын жағдайларға байланысты әкімшілік істер тоқтатылды.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.