Жексенбі, Мамыр 19, 2024
14.3 C
Kokshetau
15 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетКөкшетауда «Зергерлік бұйымдар – ұлт жақұты» атты этнографиялық-танымдық көрмесі өтті

Көкшетауда «Зергерлік бұйымдар – ұлт жақұты» атты этнографиялық-танымдық көрмесі өтті

Бүгін Қазақстанның мәдени астанасы аясында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Көкшетау қаласына музей қорындағы зергерлік бұйымдар коллекциясынан «Зергерлік бұйымдар – ұлт жақұты» атты этнографиялық-танымдық көрмесін ұйымдастырды.

Қазақ ұлтының зергерлік өнері, ою-өрнегі – ғасырлар қолтаңбасы, ата-бабалар тіршілігінің куәгері, солардан қалған өшпес мирас, өлмес мұрасы. Ерекше қасиет дарыған Сыр бойы халқының ішінде асылдың сынығы, тектінің тұяғы зерделі зергерлер көп болған.

Көрмеге сырдариялық елге белгілі зергер Мизам Төлегеновтің, Арал топырығанын шыққан атақты зергер Құдайберген Құлманбетовтің, шиелілік зергер-ұста Бекзат Жақыповтың туындылары және Сыр халқы арасында жинақталған зергерлік бұйымдары орналастырылды.

Этнографиялық-танымдық көрме Сыр елі нақышында жасалған, жасалу техникасында өзіндік ерекшелігі бар қазақ халқының гигиеналық бұйымдары, той-думандарда тағынған салтанатты әшекейлерді, күнделікті тұрмыста қолданған зергерлік бұйымдарды қамтиды.

Көрмеде ұсынылған зергерлік бұйымдар ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басымен мерзімделеді, басты материалы – күміс, пайдаланған асыл тастары – ақық (сердолик), көгілдір ақық (бирюза), коралл (маржан), жемчуг (інжу), шыны. Сыр өңірінің зергерлік бұйымдарын жасау технологиясы – қаралау, шекіме, сымкәптеу, безеу, нүктелеу т.б.

Көрмеде музей қорындағы зергерлік бұйымдармен қатар қазақ аруларының ұлттық болмысы бейнеленген кенепке түскен фотокартиналар орын алған.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова қасиетті Сыр елінен арнайы келген қонақтарымызға алғысын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...