Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАқмола облысында «Бурабай» күй мектебі ашылды

Ақмола облысында «Бурабай» күй мектебі ашылды

Ұлттық құндылығымызды ұлықтап, төл өнерімізді насихаттау және жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының жанынан «Бурабай» күй мектебі ашылды.

Ашылу салтанатына  шығармашылық зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері, педагогикалық қоғамдастығы қатысты.

Іс-шара барысында Бурабай және Зеренді аудандарының «Оқжетпес сазы», «Сары арқа» бірлескен домбырашылар ансамблі және Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің домбырашылар ансамблі «Балбырауын» күйін орындады.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының  басшысы А.Сәбитова құттықтау сөзінде жас домбырашыларға табыс пен шығармашылық шабыт тіледі.

Іс-шара соңында «Бурабай» күй мектебіне «Дегдар» гуманитарлық қорынан сыйға домбыралар табыс етілді.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...