Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде полиция қызметкерлерінің «қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының өкілдерімен кездесуінде заманауи әлемде, оның ішінде Қазақстанда конфессияаралық және ұлтаралық келісімнің өзектілігі туралы айтылды.
Дөңгелек үстел қатысушылары ұлтаралық келісімнің кепілі болып табылатын біріктіруші факторлар туралы өз ойларымен бөлісті.
Іс-шарада этносаралық толеранттылық пен жауапкершілік, Қазақстан этностарының мәдени құндылықтарын дамытудың тең құқылы шарттары, қазақстандық қоғамның қазақ халқының айналасына шоғырлануы туралы айтылды. Дөңгелек үстел қатысушылары этносаралық келісімді сақтауға ықпал ететін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жауапкершілік дәрежесін белгіледі.
Сонымен қатар, кездесу қатысушыларының назарына Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттары жеткізілді, балалардың жұмыспен қамтылуы, көп балалы отбасыларға көмек көрсету мәселелері және басқа да көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Шара соңында полицейлер этномәдени бірлестіктердің мұражайына барды.