Четверг, 28 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетТұрғын үй аулаларында ардагерлер құрметіне майдан әндері орындалды

Тұрғын үй аулаларында ардагерлер құрметіне майдан әндері орындалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласындағы бірнеше тұрғын үй  ауласында тыл еңбеккерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері және ардагерлердің жесірлеріне арналған концерттер өтті. Жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында осындай концерттер өткізіліп тұрады.

«Көкшетау қаласындағы бірнеше тұрғын үй  ауласында тыл еңбеккерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері және ардагерлердің жесірлеріне арналған концерттер өтті. Бүгінгі таңда полиция сапында қызмет істеген төрт майдангер, сондай-ақ, соғыс және ішкі істер органдары ардагерлерінің жесірлері қалды. Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында біз олардың әрқайсысына көңіл бөліп, қамқорлық көрсетуге тырыстық», — деді ведомстводан.

Алдымен концерт Боровской шағын ауданындағы №64 тұрғын үйдің ауласында өтті. Мұнда ұзақ жылдар ішкі істер органдары жүйесінде жұмыс істеген, милиция қызметкерлерінің тұтас тобын тәрбиелеген тылшы, құрметті ардагер, милиция подполковнигі Жәнібек Тілеубердин тұрады. Таңертеңнен бастап үйдің ауласында аты аңызға айналған «Темная ночь», «Журавли», «Синий платочек» әндері шырқалды.

Тыл еңбеккерін полиция департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полиция полковнигі Думан Таев құттықтады. Сонымен бірге, полиция қызметкерлері концертті тамашаулаға келген әйелдерді биге шақырды.

Бұдан әрі мерекелік концерт соғыс және ішкі істер органдары ардагерінің жұбайы Сара Өтебаева тұратын үйдің ауласында жалғасты. Денсаулығына байланысты ардагердің жесірі үйдің ауласына түсе алмағандықтан, сүйікті әндерін терезеден тыңдады. Тыл еңбеккерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері Ботан Оразбеков, Николай Митрофанов, Николай Сокирко, сондай-ақ ардагерлердің жесірлері Зикен Жаркенова, Нағима Осипова, Ольга Гречухина және Ксения Тюменцева үшін де концерт ұйымдастырылды. Тәртіп сақшыларының орындауындағы майдан әндері ардагерлердің көңілінен шықты.

Айта кетсек, Ақмола облысында 10-ға жуық соғыс ардагері қалды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...