6 мамыр күні Ақмола облыстық полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні және Жеңістің 77 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты шара өтті. Дәстүр бойынша, мерекелік іс-шараларды полицейлер қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастады. Полиция қызметкерлерімен бірге рәсімге ішкі істер органдарының ардагерлері де қатысты.
Қызметтік борышын өмірінің құнымен орындаған 36 әріптестерін тәртіп сақшылары метроном дыбысымен еске алды. Батырлар тақтасына гүл шоқтары қойылғаннан кейін, зеңбіректерден үш дүркін оқ атылды.
Салтанатты жиын полиция департаментінің мәжіліс залында жалғасты. Ту алынып, мемлекеттік әнұран орындалғаннан кейін полиция қызметкерлері Ішкі істер министрі полиция генерал – лейтенанты Марат Ахметжановтың бейне құттықтауын тыңдады.
Барлық қатысушыларды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 77 жылдығымен департамент бастығының бірінші орынбасары полковник Ризахмет Жанбеков құттықтады.
Спикер өз сөзінде ардагерлерге ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін алғысын айтты, ал полицияның істегі қызметкерлеріне өз ұстаздарына лайықты болуға, азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудағы өз борыштарын адал атқару тілегін білдірді.
Бұл күні қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, қызметтік іс-әрекетінде үздік көрсеткіштері бар полицейлерге наградалар табыс етілді. Тәртіп сақшылары құрмет грамоталарымен, омырау белгісімен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Әріптестерінің қатысуымен полиция қызметкерлеріне кезекті атақтар берілді.
Мереке алдындағы күні ішкі істер Министрінің атынан 19 ақмолалық полиция қызметкері лайықты марапаттарға ие болды, тағы 152 полиция қызметкері департамент бастығының құқықтарымен марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін барлық қонақтар назарына департаменттің шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Іс-шара соңында шығармашылық ұжымның солисті Қуаныш Есенбеков пен полиция хорының орындауында мамыр айының «Жеңіс күні» басты әні шырқалды.
Бұл күні тәртіп сақшыларын Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құттықтады. Өңір басшысы адал қызметі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі жетістіктері үшін 7 полиция қызметкерін алғыс хатпен марапаттады.