Четверг, 28 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмола облысында «Үздік Ұланбасы – 2022» анықталды

Ақмола облысында «Үздік Ұланбасы – 2022» анықталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

2022 жылдың 13 мамырында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында «Үздік Ұланбасы – 2022» облыстық байқауы өтті. Оған аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары және Көкшетау қаласының дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты қатысты, жалпы саны 9 ұланбасы қатысты.

Іс-шара өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықты, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылар Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы және «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар  мен жасөспірімдер ұйымы»  қоғамдық бірлестігі.

«Үздік Ұланбасы – 2022» облыстық байқауы «Менің жетістігім – Отанымның жетістігі!» тақырыбында, төмендегі кезеңдер бойынша өтті:

-Таныстыру;

-2021-2022 оқу жылында өткізген іс-шаралар жөнінде презентация;

-Аудан/ қаладағы «Жас Ұлан» ББЖҰ дамытуға бағытталған өзінің ұсынатын бағдарламасы;

-«Шығармашылық шеберхана»

— «Көрермендер көзайымы» арнайы аталымы,

Байқаудың қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды:

1 орын — Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп интернатының Ұланбасы Алуа Дулатова;

2 орын – Атбасар ауданының Ұланбасы Ариана Марденова;

3 орын —  Есіл ауданының Ұланбасы Дарья Сергеева;

3 орын —  Целиноград ауданының Ұланбасы Мақсат Тілектес.

«Көрермендер көзайымы» аталымы бойынша Бурабай ауданының Ұланбасы Досбол Рахимбеков марапатталды;

Байқаудың  бас  жүлдегері «Үздік Ұланбасы – 2022» облыстық байқауының кубогымен, жеңімпаздар диплом, сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқандары үшін сертификат және естелік сыйлықтар табысталады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...