Четверг, 28 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетЕрейментауда «Тәуелсіздік жырлары» облыстық жыршы-термешілер байқауының жүлдегерлері анықталды

Ерейментауда «Тәуелсіздік жырлары» облыстық жыршы-термешілер байқауының жүлдегерлері анықталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы мәдениет басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы ұйымдастырған Үмбетей Тілеуұлының 325 жылдығына және ұлт -азаттық қозғалысының көсемі Кенесары Қасымовтың 220 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жырлары» облыстық жыршы-термешілер байқауына облыстың әр өңірінен келген 40 жасқа дейінгі 6 жыршы-термешілер қатысты. Олар туған жердің тұтастығын сақтау үшін халықтың рухын көтерген жыраулардың шығармалары мен тәрбиелік-тағылымдық бағыттағы термелер орындады.

Қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту, ұлттық өнерді насихаттау, домбыраны серік еткен жастарымыздың ата-бабамыздан мұраға қалған төл өнерімізді жаңғыртуына және шығармашылық өнеріне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған бұл байқауда шеберлік дәріс өткізіліп, қатысушыларға деңгейлерін жоғарлатуға мүмкіндік болды.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған Қуанбек Елбол (Қосшы қаласы) жүлделі І орын иегері атанды. Естайұлы Абдуррахман (Аршалы ауданы) ІІ орынға ие болса, Мейрам Жанайдар (Ерейментау ауданы), Кенесары Мизамов (Қосшы қаласы) ІІІ орынды иеленді.

Қорытынды гала-концертте әділ-қазылар алқасы қазақ халқының өзіндік мәдениетін сақтауға, дамытуға қосқан үлесі мен шығармашылығы үшін өнерпаздарға алғысын білдіріп, жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтарды табыстады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...