Көктемгі және жазғы кезеңде ақмолалық жедел уәкілдер үшін ең жиі тіркелетін қылмыс түрлерінің бірі-баспалдақ алаңдарында еркін қол жетімді қалдырылған велосипед ұрлығы болып табылады. Мұндай мәлімдемелер полицияға күн сайын дерлік түседі.
Мысалы, 13 шілде күні сағат 22.40 шамасында Көкшетау қаласының полиция басқармасына екі дөңгелекті көліктің ұрланғаны туралы кезекті өтінішпен облыс орталығының тұрғыны жүгінді. Қала тұрғынының айтуынша, құны 45 000 теңге болатын спорттық велосипед үйдің подьездінен ұрланған.
Көрсетілген мекенжайға жедел–тергеу тобы келді, оның құрамына кинолог-маман Омар Аткенов және Ашот атты қызметтік ит кірді. Төрт аяқты серіктес бірден із бойынша қаскүнем жасырынған бағытқа полиция қызметкерлерін алып келді. Одан әрі жедел–іздестіру іс-шаралары жүргізілген кешен барысында кезекшілік тәулікте Зеренді ауданы ауылдарының бірінің 61 жастағы тұрғыны анықталды.
ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында ауылдық тұрғыннан ұрланған велосипед тәркіленді. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.
Айта кету керек, биыл қызметтік иттер ақмолалық полицейлерге 181 қылмысты ашуға көмектесті.
Полиция қызметкерлері велосипед иелерін тағы да өз мүліктерінің сақталуына қамқорлық жасауға шақырады. Велосипедіңізді қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе үйлердің подьездерінде немесе аулаларда. Тіпті домофонның болуы екі доңғалақты көліктің қаскөйлердің олжасына айналмайтындығына кепілдік бермейді.
Егер велосипедті қалдыру керек болса, оны бекіткен заттың беріктігіне көз жеткізіп, сенімді құлыппен бекіту керек. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары велосипедті «қолдан» сатып алмаңыз деп ескертеді, әсіресе арзан бағамен, өйткені ол ұрланған болуы әбден мүмкін. Өз мүлкіңізді қорғаңыз.