Четверг, 28 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАқмола полицейлері рейдтер барысында өңірдің су айдындарында балық аулау ережелерін еске салады

Ақмола полицейлері рейдтер барысында өңірдің су айдындарында балық аулау ережелерін еске салады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмолалық полицейлер мен құтқарушылар өңірдің су айдындарында профилактикалық рейдтер жүргізуде, оның барысында балық аулау және судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы еске салады.

Кезекті алдын алу іс-шараларын полицейлер ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Көкшетау қаласындағы Қопа көлінің жағасында ұйымдастырды.

Рейд барысында тәртіп сақшылары жағалауда балық аулаушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ Қопа көлінде заңсыз орнатылған Қытай өндірісінің синтетикалық желілерін тәркіледі.

«Жаппай балық аулау және өзендер мен су қоймаларының жағалауларын ластау, рұқсат етілмеген балық аулау және табиғи су қоймаларының жағалауларында тұрғындардың демалысын ұйымдастыру фактілерін анықтау мақсатында жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғат қорғау полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері тұрақты негізде рейдтік іс – шаралар өткізеді»-деп хабарлады жергілікті полиция қызметі басқармасы.

Жалпы жыл басынан бері табиғатты қорғау полициясының бөлімшелері ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы «балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу» бойынша 159 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

«Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 255 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп толықтырды ведомстводан.

Айта кету керек, су айдындарында әлі күнге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз балалар мен жасөспірімдердің көп болуы байқалады.

Судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында полицейлер мен құтқарушылар демалушыларға аймақтың су айдындарында жеті ересек пен бес баланың қаза болғаны және қайғылы оқиғалар туралы ақпарат берді, ал қала тұрғындарына судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы негізгі ақпарат жазылған буклеттер табыс етілді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...