«Қарасора-2022» Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметінің бағыттарының бірі есірткі заттарын, оның ішінде синтетикалық заттарды өткізу фактілерінің жолын кесу болып табылады.
2022 жылғы 20 шілдеде Көкшетау қаласында Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіні тарату үшін облыс орталығына келген 17 жастағы «синтетиканың» салушысын ұстады. Ұстау барысында жасөспірімнен құрамы ақ түсті ұнтақ тәрізді консистенциялы, қара түсті «ziplok» су қағазында 25 қалташа табылып, тәркіленді.
Бес күннен кейін жедел уәкілдер 19 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, оны тінту барысында оған тиесілі барсеткадан ақ түсті ұнтақ тәрізді консистенциялы, қара түсті «ziplok» су қағазында 64 қалташа табылып, тәркіленді.
Екі жағдайда да ұсталғандардан телефондар тәркіленді, олардың көмегімен «салушылар» жасырған есірткі заттарының фототүсірілімдерін жүргізген.
Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.
Жасөспірімдердің айтуынша, олар тек облыс орталығының аумағында «жұмыс істеген», — деді полиция подполковнигі Виталий Гудыменко, ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы.