Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Қосшы қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті кәсіпкердің ұрлық жасалғаны туралы өтініші келіп түсті. Ер адам ағымдағы жылдың 9 шілдесінде сағат 10.00-ден 11.00-ге дейінгі аралықта дүкеннің сауда үй-жайынан пластикалық кіру есігін қысып ашу арқылы «IPhone 7», «IPhone XR», «Samsung Galaxy S20» маркалы 3 ұялы телефонды ұрлап әкеткенін хабарлады. Шығын сомасы 290 мың теңгені құрады.
Жедел-тергеу тобының құрамында оқиға орнына полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық тобының қызметкері шықты. Жедел уәкілдер мен криминалистер күдіктіні анықтады. Ол Павлодар қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу барысында күдіктінің елдің басқа өңірлерінің аумағында ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы анықталды.