Жұма, Мамыр 17, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысКөп балалы әке Көкшетау қаласының аумағында гашиш сатумен айналысқан

Көп балалы әке Көкшетау қаласының аумағында гашиш сатумен айналысқан

Сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды. Көкшетау қалалық соты ірі көлемде гашиш есірткі заттарын сатумен айналысқан Көкшетау қаласының 40 жастағы тұрғынына қатысты үкім шығарды. Есірткі сатушыға қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айыпталушының заңсыз әрекеті осы жылдың ақпан айында тоқтатылды. Көкшетау қаласының тұрғыны гашиштің есірткі екенін біле тұра, материалдық баю мақсатында, заңсыз сақтап, кейіннен өткізуге бағытталған қылмыстық ниеті болып, жалпы салмағы 9,46 грамм гашиш есірткі затының екі қағаз түйіншегін сатқан, бұл өз кезегінде үлкен өлшем болып табылады. «Сатып алу – сату» мәмілесінен кейін бірден сатушыны есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады.

Оған қатысты тергеушілер сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. ҚР ҚК 297-б.2-Б. (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу).
Бірнеше ай бойы қажетті тергеу іс-шаралары мен сараптамалар жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша ақмола тұрғыны есірткі қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Жазалау шарасын тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар, атап айтқанда, бес жас баланың болуы және сотталушының шын жүректен өкінуі ескерілді. Осы жылдың маусым айында Көкшетау қалалық сотымен ер адамға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...