Сенбі, Сәуір 27, 2024
17.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмолалық оқушылар инновациялық идеялар байқауында өз жобаларын таныстырды

Ақмолалық оқушылар инновациялық идеялар байқауында өз жобаларын таныстырды

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауына 7 аудан мен Көкшетау қаласынан 35 оқушы қатысты. Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған іс-шара оқушыларды ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы зерттеу, өнертапқыштық қызметке тартуға ықпал етеді.

«Байқау қатысушыларының алуан түрлі салада жасалған макеттері мен жобаларынан үлкен көрме қойылып, әр жұмыстың авторы өз еңбегін білікті мамандардың алдында қорғап шықты», – деп қосты ұйымдастырушылар.

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың қорытындысы төмендегі ретпен орналасты:

Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру:

1 орын – Горлукович Владислав, Бурабай ауданы «Арман» БЖШО;

2 орын – Салықов Алтынбек, Көкшетау қаласының «Кванториум» техникалық шығармашылық орталығы;

3 орын – Сизов Дмитрий, Аршалы ауданы, Жас техниктер станциясы.

Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру:

1 орын – Буторин Андрей, Көкшетау қаласы «Bolashaq Saraiy».

Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру:

3 орын – Спиридонов Андрей, Аршалы ауданы, Жас техниктер станциясы;

3 орын – Ермұрат Еламан, Шортанды ауданы Новокубанка ауылының ЖОББ мектебі.

Әскери техника саласындағы техникалық құрастыру:

1 орын – Көшербаев Әлихан, Аршалы ауданы, Жас техниктер станциясы;

2 орын – Пономарев Роман, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының «Білім-инновация IT лицей-интернаты» .

Су көлік саласындағы техникалық құрастыру:

1 орын – Ахметов Әли, Аршалы ауданы, Жас техниктер станциясы;

Құрылыс саласындағы модельдер:

1 орын – Нұридін Саян, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №7 МЛ;

2 орын – Жаңбырбаева Малика, Астрахан ауданы, №1 ЖОМ;

2 орын – Амиш Ардах, Шортанды ауданы, Бектау ауылының ЖОББМ;

3 орын – Ұлан Қанағат, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №7 МЛ;

3 орын – Малова Илона, Астрахан ауданы, №2 ЖОББМ;

3 орын – Горлукович Владислав, Бурабай ауданы, Успено-Юрьевка а/о ЖБМ;

Грамота – Павленко Инна, Павленко Полина, Бурабай ауданы «Арман» БЖШО;

Грамота – Немешев Станислав, Хамитов Әміржан, Көкшетау қаласы, №17 мектеп-гимназиясы;

Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы модельдер:

1 орын – Жангуразов Даут, Аршалы ауданы, Ижевское ЖОББМ;

Грамота – Самихан Асылмұрат, Көкшетау қаласы «Bolashaq Saraiy».

Авиация саласындағы модельдер:

1 орын – Шайзада Мансур, Әл-фараби атындағы ІТ лицейі;

2 орын – Әшімов Асанәли, Бұланды ауданы, Никольское ауданы №2 ЖББМ;

3 орын – Родин Тимур, Аршалы ауданы, Жас техниктер станциясы;

Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы модельдер:

1 орын – Сафронова Никита, Аршалы ауданы, Жас техниктер станциясы;

Компьютерлік графика және 3D модельдеу.

1 орын – Қадыров Руслан, Көкшетау қаласының «Кванториум» техникалық шығармашылық орталығы;

2 орын – Кривцун Роман, Көкшетау қаласының «Кванториум» техникалық шығармашылық орталығы;

Грамота – Қабиев Темірлан, Аршалы ауданы, Анар станциясының ЖББМ;

Грамота – Свидерская Анастасия, Бұланды ауданы, Макинка қаласының МГ.

Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен, ал белсенді қатысқан қатысушылар грамоталармен марапатталды. Жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды. Барлық қатысушыларға байқауға қатысқаны туралы сертификаттар берілді.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...