Ақмола облысы білім басқармасының областық оқу-әдістемелік кабинеті «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Іс-шара әдіскерлердің инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтауға және таратуға, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мәртебесін арттыруға және кәсіби имиджін қалыптастыруға бағытталған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау барысында қатысушылар өздерінің «Е-портфолиосын», «Әдістемелік шеберлік» бейнероликтерін көрсетті, «Мен әдіскермін» онлайн диалог алаңына қатысты. Байқау нәтижелері балдық жүйе бойынша бағаланды.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды:
Бас жүлде — Николаева Галина Иосифовна, Степногорск қаласы«Балауса» бөбекжайының әдіскері;
І орын — Суворкова Наталья Николаевна, Көкшетау қаласы Ю. Гагарин атындағы балабақшасының әдіскері;
ІІ орын — Шакиева Жазира Ондасыновна, Бұланды ауданы «Балдырған» мектеп-балабақшасының әдіскері;
Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің дипломдарымен, грамоталармен марапатталады.
Гран-при иегерлері байқаудың республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.