«Адал көмек» жобасы аясында ағымдағы жылдың 5 қазанында сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Көкшетау қаласы әкімдігінің ғимаратында (мекен-жайы: М.Әуезов к-сі, 141) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша азаматтарды қабылдау және кеңес беру өтеді.
Қабылдауды келесі ұйымдардың басшылығы жүргізеді:
— ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті
— Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
— «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК
— «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК
— «Көкшетау Энерго Центр» ЖШС
Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж барлық адамдарды күтеміз!